Мақсаты
Оқушылардың көркем-эстетикалық талғамы мен бейнелеу өнеріне деген
қызығушылығын оятып, қоршаған ортаны таныту және де отансүйгіштік
сезімдерін арттырып, әсемдікке, сұлулыққа жетелеу.
Сабақ жоғары деңгейде өтілу үшін оқушылардың бейнелеу өнеріне деген
дұрыс қатынастары мен көзқарастарын өзгертіп отыру және іс-тәжірибе
тұрғысында шығармашылық жұмыс жасауларына барынша талпындыру.
4-сынып. Сызба (графика) өнері туралы түсінік беру. Оқушыларды сызба өнерінің
түрлерімен таныстыру.
5-сынып. Оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімдерін әріқарай жалғастыру.
Графиака өнерінің әдіс-тәсілдерін меңгеруге оқушыларды баулу.
6-сынып. Графикалық шығармаларды өз бетімен орындауға үйрету арқылы өнерге
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Міндеттері
– оқушыларға өнердің бейнелеу құралдарын жүйелі меңгерту арқылы айналадағы
өмір шындығына эстетикалық көзқарасты қалыптастыру;
– көркем мәдениет пен оның қоғам өмірінде алатын орны туралы түсінікті дамыту;
– оқушылардың бойында халықтың дәстүрлі өнерін, тарихи ескерткіштерін
эстетикалық тұрғыдан бағалай білуге баулитын жүйелі білім, шығармашылық
икемділік пен дағдыны қалыптастыру;
– өмір шындығы көріністерін табиғаттағы және өнердегі бояу түстерін, оның
сезімділік әсерін балалардың көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында
олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде
дамыту;
– бейнелеу өнері сабақтары барысында дамып, қалыптасқан көркемдік дағдыларын,
икемділіктерін тұрмыс жағдайында, еңбек процесінде, қоғамдық қызметте
пайдалана білуге баулу.
Түсініктеме хат
4-6 сыныптарға арналған бағдарламалардың мазмұны қазіргі кезеңде
қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарына қойылып отырған негізгі
талаптарға үйлестіріле жасалған.
Бейнелеу өнері- жалпы білім беретін мектепте оқушылардың әсемдік
талғамын, көркемдік икемділігі мен шеберлік қабілетін дамыту арқылы
оларға имандылық, ізгілік, эстетикалық тәрбие беретін оқу пәні.
Мектепте бейнелеу өнерін оқыту-айналадағы өмір шындығынан туған
көркем образдардың өнер туындыларында жасалу ерекшеліктерін оқушылардың
жүйелі қабылдауын және оны мүмкіндігінше өзінің бейнелеу жұмыстарында
қолдана білу машықтарын қалыптастыру принциптеріне негізделген. Әрбір
сабақтағы оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі бейнелеу өнерін
оқытудың да негізі болып табылады.
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен
көркемдікті түйсінуін ұштастыра білу олардың өмір шындығы менөнердегі
сұлулықта байқағыштығын, шығармашылық ынтасын, оған деген қызығушылығын
арттырады. Айналадағы өмір шындығы көріністерін көркем бейнелеу әдістері
мен тәсілдерін меңгеру, белсенді шығармашылық жұмыс оқушыларды еңбекке
баулиды, өнеркәсіпте жасалған түрлі бұйым-заттарға эстетикалык биік
талғам тұрғысынан қарауға және тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғат
сұлулығын қорғай білуге баулиды.
Бағдарламада әр сыныпқа 34-сағаттан берілген.
Жас мамандарға көмек. Сабақ жоспарын жазу үлгісі
Жас мамандарға көмек. Сабақ жоспарын жазу үлгісі
ә) шапшан, іштей, хормен оқуды қалыптастыру (төменгі сыныптар үшін).
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау әдістері.
Үй тапсырмасын белгілі бір әдіс-тәсілдер арқылы тексеру.
Ширату кезеңі (тест алу) т.б.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру әдісі.
Жаңа сабақты жанжақты балаға түсінікті етіп меңгерту.
Өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.
ІҮ. Бекіту.
Оқушыны сабақ барысы кезінде дамыту, сөйлету, қалыптастыру, дағдыландыру, ойландыру, қорытынды жасауға үйрету.
Ү. Бағалау.
Оқушыларды біліміне қарай бағалау
- Сабақтың тақырыбы.
- Мақсаты: Оқушы тәрбиелеу.
- Білімділік мақсаты:
- Оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру.
- Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау.
- Әр пән бойынша білім-білік дағдысын қалыптастыру.
- Оқушының өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әркеттерін ұйымдастыру.
- Жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу.
- Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.
- Сөздік қорын дамыту.
- Сөйлеу мәдениетіне төселдіру.
- Мәтін ұғымын қалыптастыру.
ә) шапшан, іштей, хормен оқуды қалыптастыру (төменгі сыныптар үшін).
- Мәтін арқылы сөздік қорын молайту.
- Суреттеп, сипаттап, әңгімелеуді меңгерту.
- Тақырыпты толық меңгеру.
- Тақырыптың ғылыми негізін арттыру.
- Шығармашылық қабілетін дамыту.
- Көркемдік ерекше талдауға үйрету.
- Дамытушылық мақсаты.
- Есте сақтау қабілетін дамыту.
- Сауатты сөйлесу дағдысын қалыптастыру.
- Танымдық әрекетін дамыту.
- Ой-өрісін дамыту.
- Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
- Жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.
- Ойлау қабілетін дамыту.
- Дүниетанымын дамыту.
- Білім, білік дағдысын, іскерлікті дамыту.
- Сөздік қорын дамыту.
- Шешендік өнерге бейімдеу.
- Өмірге деген көзқарасын дамыту.
- Тәрбиелік мақсаты:
- Азаматтыққа тәрбиелеу.
- Өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
- Тіл мәдениетіне тәрбиелеу.
- Еңбек мәдениетіне дамыту.
- Мәдениеттілікке тәрбиелеу.
- Эстетикалық тәрбие беру.
- Экологиялық тәрбие беру.
- Ұлттық өнерге тәрбиелу.
- Тазалыққа тәрбиелеу.
- Имандылыққа тәрбиелеу.
- Мейірімділікке тәрбиелеу.
- Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
- Төзімділікке тәрбиелеу.
- Экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
- Әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
- Сабақ көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, оқулық, дидактикалық материал, қосымша материалдар, трек-сызбалар, газет-журналдар.
- Сабақ жабдығы: тақта, бор, компьютер, интерактивті тақта, теледидар, диафильм, бейнетаспа, үнтаспа.
- Сабақ түрі: аралас сабақ, жарыс сабақ, сайыс сабақ, семинар, конференция, дебат.
- Сабақ типі: Жаңа сабақ, білімді тексеру, қайталау, пысықтау, бекіту, білімді бағалау.
- Байланысы: пәнмен, өмірмен, тарихи деректермен, қоршаған ортамен байланыстыру.
- Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау.
- Сабақ барысы:
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау әдістері.
Үй тапсырмасын белгілі бір әдіс-тәсілдер арқылы тексеру.
Ширату кезеңі (тест алу) т.б.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру әдісі.
Жаңа сабақты жанжақты балаға түсінікті етіп меңгерту.
Өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.
ІҮ. Бекіту.
Оқушыны сабақ барысы кезінде дамыту, сөйлету, қалыптастыру, дағдыландыру, ойландыру, қорытынды жасауға үйрету.
Ү. Бағалау.
Оқушыларды біліміне қарай бағалау
Подписаться на:
Комментарии (Atom)
оқушыларына арналған факультатив бағдарламасы
Мақсаты Оқушылардың көркем-эстетикалық талғамы мен бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып, қоршаған ортаны таныту және де отансүйгіш...